RU
Ақмолада жеңіл көлік ұрлаған "ғашықтар" ұсталды

Ақмолада жеңіл көлік ұрлаған "ғашықтар" ұсталды

Рассказать Вконтакте

Ақмола облысында жеңіл көлік ұрлаған "ғашықтар" ұсталды деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Ведомствоның мәліметінше, 10 қыркүйекте Зеренді аудандық ПБ кезекшілік бөліміне Краснояр кентінің 61 жастағы тұрғыны хабарласып, белгісіз біреулердің "ВАЗ-21053" көлігін айдап әкеткенін айтқан.

"Жедел-іздестіру шарасы кезінде тәртіп сақшылары 43 жастағы ер адам мен 32 жастағы әйелді анықтап, қолға түсірді. Күдіктілер қылмыстарын мойындады. Кейін анықталғандай, ұры әйел көлік иесінің бұрынғы танысы болып шықты. Ішімдік ішіп алған әйел өзінің жақын досымен көлік иесі ұйықтап жатқанда көлігін айдап әкеткен", - дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Осыған орай, тәртіп сақшылары ақмолалықтарды көліктерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шарасын қолдануға шақырады.

Сіздің реакцияңыз
4
2
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel