Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен Арменияға барды

Опубликовано:

13 қыркүйек күні Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Армения Республикасына жұмыс сапарымен барды. Сондай-ақ, қазақстандық делегация құрамына Елбасы қорының атқарушы директоры Әсет Исекешев пен Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов кірді деп хабарлайды премьер- министрдің сайты.

Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz: Instagram

Бердібек Сапарбаев пен Армения премьер-министрінің орынбасары Тигран Авинянның кездесуі барысында екіжақты ынтымақтастықтың көптеген мәселелері қаралды.

"Қазақстан Армениямен өзара тиімді серіктестікті дамытуға, оның ішінде сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларда ынтымақтастықты кеңейтуге үлкен мән береді, сондықтан біз Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша білім, денсаулық сақтау және ақпараттық технологиялар саласындағы өзара іс-қимыл мүмкіндіктерін талқылауға келдік" — деді Б. Сапарбаев. 

Өз кезегінде Арменияның вице-премьері екіжақты байланыстарды тереңдетуге қызығушылық танытып, елдеріміз арасындағы тауар айналымын ұлғайтудың елеулі әлеуетін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1816519-berdibek-saparbaev-zmys-saparymen-armeniaga-bardy/

pixel