RU
"Тальго" жолсеріктері зорлаған әйел шулы видео үшін полицияға арыз жазды

"Тальго" жолсеріктері зорлаған әйел шулы видео үшін полицияға арыз жазды

Рассказать Вконтакте

"Тальго" жолсеріктері зорлаған әйел полицияға арыз жазды. Ол желіде өзінің жеке мәліметі мен суреттері бар видеоны таратқан қаскүнемдерді жазалауды талап етті деп жазады "Актобе Таймс" сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жәбірленуші. Фото: zakon.kz

Жәбірленуші. Фото: zakon.kz

Қоғамда үлкен дау туғызған жолсеріктер ісіндегі жәбірленуші құқық қорғау органдарына жүгінді. Сотқа дейінгі іс жүргізу деректерін жария ету туралы арыз полицияға 9 қыркүйекте келіп түсті.

"НеМолчи.KZ" көшбасшысы Дина Смаилованың айтуынша, белгісіз біреулер YouTube желісіне жәбірленушінің суреті бар видео жариялаған. Бейнероликте азаматшаның аты-жөні мен туған жері де айтылған.

"Сот процесі жабық болды және бұл мәліметтерді жария етуге заңмен тыйым салынды... Қазір видео интернеттен өшірілді", - деді қоғам белсендісі.

Сонымен қатар, Смаилова жәбірленуші сотталған жолсеріктердің бірінің әкесіне де арыз жазғанын айтты.

"Азамат жәбірленуші ақша бопсалап жатыр деген дерек таратып жүр. Бұл шындыққа жанаспайды",-деді ол.

Одан бөлек, нысанаға ақтөбелік белсенді Бақытжан Құрманов та іліккен. Оны келіншек баспасөз алдында жеке мәліметтерді жария етті деп айыптады.

Азаматшаның мүддесін қорғауға бір топ алматылық адвокаттар кіріспек.

Смаилова барлық сот талқылаулары аяқталғаннан кейін зорлау құрбаны Ақтөбеден көшіп, өз денсаулығымен айналысқысы келетінін айтты. Ол әлі күнге дейін жұмыс істей алмайды.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың күзінде "Тұлпар-Тальго" жүрдек пойызында жантүршігерлік жағдай орын алған болатын.

Ақтөбелік тұрғын Нұр-Сұлтандағы іс-сапарынан үйіне қайтып бара жатқан жолда жолсеріктердің зорлық әрекетінің құрбаны болған еді.

Таяуда ғана бұл іске қатысты екі айыпталушыға сот үкімі шығып, олардың әрқайсысы 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Алайда соттың шешімі қоғамда үлкен резонанс тудырып, жұрт сотталушыларға кесілген үкіммен келіспейтіндіктерін жеткізген. Олардың арасында белгілі тележүргізуші Дана Нұржігіт те бар.

Кейін бұл іске бас көлік прокуратурасы назар аударып, сотқа қайта апелляциялық өтініш хат жолданды.

Қоғамда шу тудырған оқиға үшін ҚТЖ төрағасының бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетов өз атынан және ҚТЖ атынан кешірім сұраған болатын. Кейін жолсеріктерге қатысты үкім өз күшін жойды.

Сіздің реакцияңыз
11
0
1
2
1
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel