RU
Дмитрий Баландиннің көлігінен айна ұрлағаны үшін сотталған азамат Алматыда тағы ұсталды

Дмитрий Баландиннің көлігінен айна ұрлағаны үшін сотталған азамат Алматыда тағы ұсталды

Рассказать Вконтакте

Алматыда полицейлер бұрын Дмитрий Баландин көлігінің айнасын ұрлағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған азаматты қайта ұстады. Бұл туралы қалалық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ұсталған азамат. Фото: Алматы қалалық ПД

Ұсталған азамат. Фото: Алматы қалалық ПД

"А. Валиев есімді азамат бірнеше күн бұрын жедел және арнайы шараларды жүргізу барысында көзге түсті. Оның есебінде автокөлік айналарын ұрлаудың кем дегенде 10 дәлелденген эпизоды бар.
Олардың бірін күдікті 26 тамыз күні Сәтпаев пен Уәлиханов көшелерінің қиылысында жасаған. Нақтырақ айтқанда, еркін қолжетімділікпен "Ренж Ровер" автокөлігінен екі айна шешіп алған.
"Қазір Валиев ұсталып, уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. Аталған қылмыстық эпизод бойынша заттай дәлелдемелер тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына қосылды", - деді Алматы қалалық полиция департаментінің басшысы, полиция генерал-майоры Серік Күдебаев.

Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, бұрын ұсталған азамат Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландиннің көлігінің айналарын ұрлаған болатын.

Сотта азамат жылап, күйеуі жоқ, аяғы ауыр әпкесіне көмектескісі келгенін айтқан.

Алмалы аудандық соты үкімі бойынша ол төрт жылға бас бостандығынан шектеліп, сот залынан босатылған еді. Үкім осы жылдың 28 тамызында күшіне енді.

Сіздің реакцияңыз
6
0
7
0
0
2
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel