Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда таксист 31 жастағы әйелді ұрып тастады

Опубликовано:

Нұр-Сұлтанда 31 жастағы әйелмен сөзге келіп қалған таксист оған қол жұмсады. Келіншекті сол маңда жүрген полицейлер құтқарып қалды. Бұл туралы Tengrinews.kz агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: Ашық дереккөзден
Көрнекі фото: Ашық дереккөзден: Facebook

Сауда орталықтың маңында науқанға қатысып жатқан полицейлер таксидің ішінде әйел айғайлап жатқанын естіген. Бірден оқиға орнына асыққан тәртіп сақшылары 31 жастағы келіншек таксистен зардап шеккенін анықтапты.

Белгілі болғандай, олар сөзге келіп қалған соң көлік жүргізушісі нәзік жандыға қол көтерген.

Істің мән-жайын анықтау мақсатында таксист пен әйел адам полиция бөлімшесіне жеткізілді. 52 жастағы азаматқа қатысты әкімшілік іс қозғалады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1816544-nr-sltanda-taksist-31-zastagy-jeldi-ryp-tastady/

pixel