Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде жастар ұйымдарының белсенділігі артып келеді

Опубликовано:

Шымкент қаласында «Bolashaq» Қауымдастығының ұйымдастыруымен «Жастар ұйымдарының нетворкингі және тәжірибе алмасуы» жобасы өз жұмысын бастады. ҮЕҰ мен ЖРО өкілдері арасында өтіп жатқан шараға оңтүстік өңірінің белсенді жастары қатысты.

Фото: "Әл-Фараби Partners" ЖШС
Фото: "Әл-Фараби Partners" ЖШС: Instagram

Аталмыш шарада Шымкент қаласынан және Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарынан 18-29 жас аралығындағы көшбасшы жастар мен өз кәсіптерін дамытуды мақсат тұтқан жас кәсіпкерлер бас қосты.

Сондай-ақ жиынға Шымкент қаласы әкімі Ерлан Айтаханов арнайы келіп, жастардың ой-пікірлерін, олардың болашақ жоспарлары мен ұсыныстарын тыңдады.

Фото: "Әл-Фараби Partners" ЖШС
Фото: "Әл-Фараби Partners" ЖШС: Twitter
«Республика көлемінде іске асып жатқан нетворкинг бүгін Шымкент қаласында жалғасын тауып жатыр. Осыған дейін Нұр-Сұлтан, Орал, Алматы қаларында өткен болатын. Бүгінгі шараға оңтүстік өңірінің белсенді жастары қатысып, өз тәжірибелерін бөлісіп, пікір алмасып жатыр. Бүгінде Шымкент қаласының өзінде 260 мыңнан астам жас тұрады. Ол жалпы халық санының 30 пайызын құрайды. Өздеріңіз білетіндей, жастардың басым бөлігі белсенді жұмыс жасап, ел дамуына, келешек 30 елдің қатарына қосылуына өз үлестерін қосуда. Жиынға келген жастар өзара байланыс орнатып, алдағы уақытта бірлескен жобаларды жүзеге асырады деген ойдамын», - дейді қала әкімі.

Сонымен қоса өңір басшысы «Bolashaq» Қауымдастығына арнайы алғыс айтып, жастарды белсенді болуға, ел үшін бірлесе жұмыс атқаруға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1816549-elimizde-zastar-jymdaryny-belsendiligi-artyp-keledi/

pixel