RU
Шымкенттік шенеунік пара алғаны үшін 4,5 млн теңге айыппұл төлейтін болды

Шымкенттік шенеунік пара алғаны үшін 4,5 млн теңге айыппұл төлейтін болды

Рассказать Вконтакте

Шымкентте еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті қалалық департаментінің бөлім бастығы пара алғаны үшін сотталды деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Шымкент қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті қалалық департаментінің медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің бастығы Д.Шегеловке қатысты істі тергеп бітті.

Д. Шегелов арадағы делдал Бектемір арқылы қалалық ИЧ-167/7 түзеу мекемесінің медициналық-санитарлық бөлімінің бастығы Н. Қалымбетовтен 150 мың теңге пара алды деп айыпталып отыр. Ол мұны осы түрмеде жазасын өтеп жатқан сотталушы А. Захарченкоға ІІІ топ мүгедегі деген қорытынды жазып бергені үшін алған.

13 қыркүйекте әл-Фараби аудандық сотының үкімімен Шегеловқа - 4,5 млн теңге, Бектемірге - 750 мың теңге, Қалымбетовке - 3 млн теңге айыппұл салынды. Айыпталушы Шегелов пен Қалымбетов мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel