RU
Таразда бюджеттің 21 млн теңгесін жымқырған шенеунік әйел сотталды

Таразда бюджеттің 21 млн теңгесін жымқырған шенеунік әйел сотталды

Рассказать Вконтакте

Тараз қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы аса ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Жамбыл облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Тараз қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы К. Абжановаға қатысты тергеуді аяқтады. К. Абжанова 21 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражатын өзінің карталық шотына заңсыз аударғаны үшін күдікке ілінген болатын.

12 қыркүйекте №2 қалалық сотының үкімімен Абжанова ірі көлемдегі бюджет қаржысын жымқырғаны үшін айыпты деп танылды.

Ол жеті жылға шартты түрде сотталды. Айыпталушы мемлекеттік қызметте және жергілікті басқару органдарында жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
1
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel