RU
2020 жылы кімдер үшін жәрдемақы мен әлеуметтік төлем көбейеді?
Жаңалықтар Саясат және экономика

2020 жылы кімдер үшін жәрдемақы мен әлеуметтік төлем көбейеді?

Рассказать Вконтакте

2020 жылы 200 мың қазақстандық үшін әлеуметтік төлем артады. Олардың қатарында еңбек ету қабілетінен, асыраушысынан және жұмысынан айырылған азаматтар бар деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Әлеуметтік төлемдер мөлшерін үштен бірге арттыру міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заң жобасында қарастырылған.

Заң жобасының негізгі мақсаты – міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі еңбек өтілі мен төлем мөлшері арасындағы байланысты нығайту.

Мүмкіндігі шектеулі жандар қандай үстеме алады

Еңбек министрлігі мүгедектерді әлеуметтік қорғау деңгейін көтеру үшін еңбекке жарамсыздық бойынша әлеуметтік төлемдердің мөлшерін медициналық-әлеуметтік сараптамада нақты белгіленген еңбекке жарамсыздық дәрежесіне сүйене отырып анықтауды ұсынып отыр.

Мысалы, жеті жылдық қатысу өтілі және 100 мың теңге орташа айлық табысы бар, жалпы еңбекке жарамсыздық дәрежесі 65% деңгейінде белгіленген жүйеге қатысушы үшін жаңа параметрлер ескеріле отырып, төлем мөлшері 31 мың 080 теңге болады, ал қазіргі параметрлер бойынша – 22 мың 988 теңге ( 35% өсім).

Асыраушысынан айырылған қазақстандықтар үшін үстеме

Асыраушысыз қалған отбасыларды әлеуметтік қорғауды арттыру үшін асырауындағы адам саны коэффициентін өзгерту арқылы әлеуметтік төлемдер мөлшерін арттыру ұсынылып отыр.

Сонымен, асырауында бір адам болғанда 40% -тен 50% -ке дейін; екеу болса –50% -тен 65% -ке дейін; үшеу болса – 60% -тен 80% -ке дейін және төрт немесе одан да көп болса – 80% -тен 100%-ке арттыру көзделген.

Тұтастай алғанда, заң жобасына ұсынылған өзгертулер – еңбекке жарамсыздық, асыраушысынан айрылу және жұмысынан айырылу бойынша яғни 200 мың адамның әлеуметтік төлемдердің мөлшерін орта есеппен 30% -ға арттыруды көздейді.

Сонымен бірге, бұл әлеуметтік төлемдер мөлшері мен әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу ұзақтығы арасындағы байланысты нығайтуға мүмкіндік береді.

Сіздің реакцияңыз
5
3
0
0
16
3
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel