RU
"Еріксіз жас аласың": Мырзатай Жолдасбеков өзіне аяғымен хат жазатын қандасымыз жайлы айтты

"Еріксіз жас аласың": Мырзатай Жолдасбеков өзіне аяғымен хат жазатын қандасымыз жайлы айтты

Рассказать Вконтакте

Қоғам қайраткері, филология ғылымының докторы, профессор Мырзатай Жолдасбеков Қытайда тұратын қырғыз және қазақтармен хат алысып тұратынын айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: kazpravda.kz

Фото: kazpravda.kz

Нұр-Сұлтанда Ұлттық музейде өткен "География – мәдени даму бағыты" атты көрменің ашылуында сөс өйлеген Мырзатай Жолдасбеков өзіне аяғымен хат жазатын Қытайдағы қандасымызды сөз етті.

"Мен Қытайда тұратын қазақтар және қырғыздармен хат жазысып, байланысып тұрамын. Сол жерде Жүсіп деген ағамыз болды. Былтыр 97 жасында қайтыс болды. Елге әкелгім келіп жүрген, өкінішке қарай дүниеден озып кетті.
Ол кісі Қытайда "бас мадақшы" деп аталып және ол қызметі үшін жалақы алатын. Қазіргі күні ол кісінің Жәнібек деген жас шәкірті бар. Оның екі қолы жоқ, маған хат жазғанда "аяқпен жазылған сәлемхат" деп бастап жазады. Көзіңе еріксіз жас аласың. Жазғанда да мөлдіретіп тұрып, маржандай қылып жазады", -деді қоғам қайраткері.

Айта кетйік, Елордадағы Ұлттық музейде "География – мәдени даму бағыты" атты көрме өтуде.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
2
1
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel