Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Трамп әйгілі Усама бен Ладеннің ұлы қаза болғанын хабарлады

Опубликовано:

14 қыркүйекте Ақ үй "Әл-Қаида” террористік ұйымының негізін қалаған Усама бен Ладеннің ұлы Хамза бен Ладеннің арнайы операция кезінде өлтірілгенін хабарлады деп жазады Азаттық.

Хамза бин Ладен. Фото: CIA
Хамза бин Ладен. Фото: CIA: UGC

Басылымның мәліметінше, "Әл-Қаида” ұйымына жетекшілік еткен Хамза бен Ладен Пәкістан мен Ауғанстан шекаралары маңындағы аумақта қаза тапқан.

АҚШ президенті Дональд Трамп жариялаған мәлімдемеде оқиғаның қашан болғаны айтылмаған және операцияның толық жай-жапсары да жазылмаған.

Мәлімдемеде бен Ладен ұлының өлімі "Әл-Қаида” ұйымының күш-қуатын әлсіретіп, өзге террористік топтармен байланысын азайтпақ деп көрсетілген.

Еске сала кетейік, америкалық БАҚ Хамза бен Ладеннің қаза тапқанын әкімшіліктегі белгісіз ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, тамыз айында хабарлаған еді.

Бұған дейін АҚШ мемлекеттік департаменті жасы отыздан енді асқан Хамза бен Ладен "Әл-Қаида" ұйымындағы әкесінің орнын басуды көздеп отыр деп мәлімдеген.

Осыдан кейін АҚШ билігі биыл ақпанда оны ұстауға көмектесетін ақпарат үшін миллион доллар сыйақы тағайындаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1816586-tramp-jgili-usama-ben-ladenni-ly-kaza-bolganyn-habarlady/

pixel