RU
"Шаршап кеттім": Сиви Махмуди жол апатынан кейін алғаш рет ел алдына шықты (видео)

"Шаршап кеттім": Сиви Махмуди жол апатынан кейін алғаш рет ел алдына шықты (видео)

Рассказать Вконтакте

Жақында ғана жол апатына түскені хабарланған Сиви Махмуди бұл оқиғадан кейін алғаш рет ел алдында бой көрсетті. Үйде жатып, шаршап кеткенін айтқан әнші қазақтың тағы бір қызын ұзатқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сиви көпшілік алдына шыққаны жайлы өзінің Instagram парақшасында жазды.

"Бүгін жаймендеп тойға шықтым. Үйде екі апта жатып шаршап кеттім", - деген әнші Ақмарал есімді аурды ұзатқанын айтқан.

Сонымен қатар, өнер иесі көз тимесін деп маңдайының бір кісінің сүйіп кеткенін де жасырмады.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда куәгерлер Сиви Махмудидің жол апатына түскенін хабарлаған еді.

Кейін бұл хабарға қатысты Алматы полициясы пікір білдірді.

Кейіннен әншінің жол апатынан кейінгі жағдайы белгілі болып, қандай жарақаттар алғаны анықталды.

Әншінің өзі де бұған қатысты пікір білдіріп, көлік апаты жайлы кейінірек өзі айтып беретінін мәлімдеген.

Сіздің реакцияңыз
5
0
0
0
2
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel