RU
Головкин Деревянченкомен болатын кездесуінің промо-ролигін көрсетті (видео)

Головкин Деревянченкомен болатын кездесуінің промо-ролигін көрсетті (видео)

Рассказать Вконтакте

Боксшы Геннадий Головкин украиналық қарсыласы Сергей Деревянченкомен болатын титулдық жекпе-жектің промо-ролигін таныстырды. Видеоны GGG өзінің Instagram парақшасында жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Головкин-Деревянченко арасындағы кездесу 5 қазанға жоспарланған.

Өз кезегінде отандасымыз промо-роликке: "Сіздер 5-ші қазанға дайынсыздар ма?" деген жазба қалдырды.

Айта кетейік, бұл жекпе-жек Головкинге кезінде өзі айырылып қалған IBF белбеуін қайтарып алуға мүмкіндік береді.

Еске сала кетейік, белбеу бұған дейін Геннадий Головкинге тиесілі болған. Алайда боксшы оны қорғаудан бас тартқаннан кейін, ол Сауль Альвареске бұйырды.

Дегенмен мексикалық боксшы да IBF титулынан қол үзіп қалған болатын.

Сіздің реакцияңыз
2
1
0
0
0
0
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel