RU

Алмат Кебіспаев әлем чемпионатының үш дүркін қола жүлдегері атанды

Грек-рим күресінен елордада өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына кезекті медаль түсті. 63 келіде белдескен Алмат Кебіспаев қола жүлдегер атанды деп хабарлайды Olympic.kz

Фото: Данияр Майлыбаев/ҰОК баспасөз қызметі
Фото: Данияр Майлыбаев/ҰОК баспасөз қызметі: Depositphotos

Қола медаль үшін өткен кездесуде Алмат қырғызстандық Тынар Шаршенбековпен кездесіп, таза жеңіске жетті.

Қорытынды нәтиже - 9:0.

Бұл Алмат Кебіспаевтың әлем чемпионатында жеңіп алған үшінші қола жүлдесі.

Бұған дейін Кебіспаев 2010 жылы Мәскеуде, 2015 жылы Лас-Вегаста өткен әлем біріншілігінде қола медаль еншілеген болатын. 

Сонымен қатар Алмат 2011 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1816645-almat-kebispaev-lem-cempionatyny-kola-zldeger-atandy.html