RU
Пойыз бен автобустың соқтығысуы: Автобус жүргізушісі қайтыс болды

Пойыз бен автобустың соқтығысуы: Автобус жүргізушісі қайтыс болды

Рассказать Вконтакте

Алматы облысына қарасты Шамалған станциясында пойыз бен автобустың соқтығысуы салдарынан оқиға орнында автобус жүргізушісі көз жұмды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото әлеуметтік желіден

Фото әлеуметтік желіден

"Бүгін 19 сағат 30 минутта "Алматы–Қостанай" бағытына қатынайтын пойыз автобуспен соқтығысты. Оқиға орнында автобус жүргізушісі мерт болды. Тағы үш адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Оның екеуі бала, біреуі әйел адам.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-ші тармағына сәйкес тергеу жүріп жатыр", - деді облыстық Полиция Департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Сергей Незнаев.

Қазір оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істер жатыр.

Еске сала кетейік, 15-ші қыркүйекте Шамалған станциясында автобуспен пойыздың соқтығысқаны хабарланған еді. Алдын-ала болжам бойынша, автобус пойыздың релсіне шығып кеткен.

Сондай-ақ, бұған дейін Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі оқиға салдарынан екі адам қайтыс болды деп алдын ала ақпарат берген болатын.

Бірақ, аталған ведомствоның өкілі Ғалымұрат Жүкел бір адамның қайтыс болғанын, тағы екі адамның жансақтау бөліміне түскенін нақтылады деп жазады басылым.

Айта кетейік, мемлекет басшысы қаза болған марқұмның отбасына көңіл айтты.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel