RU
Пойыз бен автобустың соқтығысуы: Бас көлік прокуратурасы тергеу барысын бақылауға алды

Пойыз бен автобустың соқтығысуы: Бас көлік прокуратурасы тергеу барысын бақылауға алды

Рассказать Вконтакте

Еліміздің бас көлік прокуратурасы Алматы облысындағы Шамалған станциясында болған апатты тергеуді өз бақылауына алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға орнынан фото әлеуметтік желіден

Оқиға орнынан фото әлеуметтік желіден

Ведомствоның мәліметінше, 15 қыркүйек күні Ақсеңгір-Шамалған теміржол өткелінде Алматы-Қостанай бағытындағы пойыз жолаушылар автобусымен соқтығысқан.

"Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға орнында бір адам қайтыс болды. 4 адам түрлі дене жарақатын алды. Аталған факті бойынша полицейлер ҚР ҚК 345-бабы 3-тармағы; ҚР ҚК 344-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тергеу барысын Бас көлік прокуратурасы бақылауға алды", - делінген Бас прокуратураның баспасөз қызметі таратқан ресми ақпаратта.

Естеріңізге сала кетейік, 15 қыркүйекте 19:30 минутта Шамалған станциясында пойыз бен автобус соқтығысты. Алдын ала болжам бойынша, автобус темір жолдың релсіне шығып кеткен.

Оқиға орнында автобус жүргізушісі мерт болды. Тағы үш адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жол апатынан қаза болған марқұмның туған-туыстарына көңіл айтты.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel