RU
"Адамдар маңызды": Автобус жүргізушісінің жолаушыларды түсіргені белгілі болды

"Адамдар маңызды": Автобус жүргізушісінің жолаушыларды түсіргені белгілі болды

Рассказать Вконтакте

Шамалғандағы апаттың куәгерлері оқиға туралы өз нұсқаларын айтты. Олардың бірі пойыз қаққан автобус жүргізушісі есікті ашып, адамдарды шығарып жібергенін айтты. Алайда, қоғамдық көлік тізгініндегі азамат өзі түсіп үлгермеген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жол апаты сәті: Видеодан кадр

Жол апаты сәті: Видеодан кадр

"Автобус жүргізушісі есікті ашып, адамдарды түсірді. Оның әйелі "Шық!" деп айғайлады. Алайда, ол адамдардың маңызды екенін айтып, барлығын шығарды. Өкінішке қарай, өзі шығып үлгермеді.
Біз сонда болып, барлығын өз көзімізбен көрдік. Бұл өте сұмдық жағдай, әлі қалшылдап тұрмын. Мұндай кептеліс бізде күнде болады.

Автобус жүргізушісі алға өтіп кете алмады. Себебі, алдында көліктер тұрды. Егер ол есікті ашпағанда, зардап шеккендердің саны көп болар еді.

Оның әйелі қатты айғайлап жатты, сол сәтте ол жұбайын автобустан итеріп жіберіп, "Шық!" деп айғайлады.
Жүргізушінің есігі ашылмай қалды. Әйелінің сөзінше, ол абдырап қалған",- деді куәгерлердің бірі.

Екінші куәгер оқиға туралы "Алматы" телеарнасына берген сұхбатында айтты. Ол жүргізушінің шок жағдайда болғанын, пойыз жақындағанда апаттың алдын алу үшін еш әрекетке бара алмағанын баяндады.

Айта кетейік, күні кеше Шамалған бекетінде пойыз бен автобус соқтығысып қалды. Алдын ала ақпарат бойынша, жол апатынан екі адам көз жұмып, тоғыз адам зардап шеккені хабарланған еді. Алайда, ресми ақпарат бойынша тек автобус жүргізушісінің қаза тапқаны белгілі болды.

Тоқаев марқұмның жанұясына көңіл айтты.

Бас көлік прокуратурасы тергеу барысын бақылауға алды.

Сіздің реакцияңыз
0
3
0
18
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel