RU

"Соңына дейін отырды, әйелі-кондуктор": Куәгер көз жұмған жүргізуші жайлы айтты (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақсеңгір-Шамалған бекетінде пойыз бен жолаушылар автобусының соқтығысуынан болған апат куәгерлері желіде оқиға орнында түсірген видеоларды жариялауда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеолардың бірінде бойжеткен (автобустың әлде пойыздың жолаушысы екені белгісіз -ред.) оқиғаның мән-жайын баяндайды.

"Мен енді шығып үлгергенде автобус жүргізушісі өлі күйінде жатты. Әйелі-кондуктор. Жүргізушісі соңына дейін отырды",- дейді ол.

Айта кетейік, күні кеше Шамалған бекетінде пойыз бен автобус соқтығысып қалды. Алдын ала ақпарат бойынша, жол апатынан екі адам көз жұмып, тоғыз адам зардап шеккені хабарланған еді.

Алайда, ресми ақпарат бойынша тек автобус жүргізушісінің қаза тапқаны белгілі болды.

Тоқаев марқұмның жанұясына көңіл айтты.

Бас көлік прокуратурасы тергеу барысын бақылауға алды.

ҚТЖ Ақсеңгір-Шамалғандағы жантүршігерлік апат қалай болғанын мәлімдеді.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Соңына дейін отырды, әйелі-кондуктор": Куәгер көз жұмған жүргізуші жайлы айтты (видео)
Mailfire view pixel