RU
Аша Матай атышулы "Қалаулым" қатысушысын өзі ұзатты (фото, видео)

Аша Матай атышулы "Қалаулым" қатысушысын өзі ұзатты (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

"Қалаулым" жобасы аясында танысып, көңіл жарастырған Әлібек пен Камила отау құрды. Күні кеше күйеужігіт сүйіктісін ұзатып алып кеткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Камила Саянқызының ұзату тойы Алматы қаласында өткен.

Дүбірлі тойға "Қалаулым" жобасының басқа да қатысушылары мен бағдарлама жүргізушісі Аша Матай да ортақтаса келіпті.

Екінші сәбиіне аяғы ауыр жұлдыз қалаулымдық аруды өзі ұзатқан.

Мерекелік шара кезінде жасалған суреттер мен видеолар Instagram парақшаларында тарап кеткен.

Айта кетейік, аталмыш жұп бір-бірін "Қалаулым" жобасының арқасында кезіктірген. Бұған дейін, Камиланың қызойнағы қалай өткенін жазған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз
1
1
3
2
1
8
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel