Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңаарқада қазақша киінген әйелдер бір мезетте 1000 күбі қымыз пісірді

Опубликовано:

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданында ақын-жазушы, мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің 125 және ауданның 90 жылдығына орай ерекше мереке ұйымдастырылды. Бір мезетте 10 мың литр қымыз 1000 күбіге құйылып, пісірілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: Facebook

Шара 14 қыркүйек күні сағат 12.00-де Атасу кентінің “Қарауыл төбе” той алаңында өтті.

Енді Жаңаарқа қымызын Қазақстан рекордтар кітабына және Гиннестің рекордтар кітабына енгізу көзделіп отыр.

Шараға 12 ауыл мен екі кенттің қымыз өндірушілері қатысқан.

Қазақылықтың иісі аңқыған бұл мерекеде сурет пен видеоға түсірушілердің саны көп болды

Ал әлеуметтік желіде тараған бейнежазбалар халықтың көңілінен шығып жатыр. Олар рухани құндылықты насихаттайтын шаралар өтіп жатқанына қуанышты.

"Атыңнан айналдым, Жаңаарқам", "Ой, жарайсыздар", "Осындай дәстүрімізді жалғастырып, жыл сайын атап өтейік", "Олардың қымызы ең дәмді", "Қазағымның дәстүрін-ай", "Керемет" деп жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1816715-zaaarkada-kazaksa-kiingen-jelder-bir-mezette-1000-kbi-kymyz-pisirdi/

pixel