RU
"Ортада тұрып қалды": Куәгер Шамалғандағы апат қалай болғанын баяндады

"Ортада тұрып қалды": Куәгер Шамалғандағы апат қалай болғанын баяндады

Рассказать Вконтакте

15 қыркүйек күні кешке Шамалғанда жолаушылар пойызы мен автобус соқтығысқан еді. Апаттың салдарынан автобус жүргізушісі қайтыс болды. Қазіргі уақытта теміржол қозғалысы қалыпқа келтірілді деп хабарлайды «Хабар 24» арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Әлеуметтік желі

Фото: Әлеуметтік желі

Тағы оқыңыздар:

Анасы мен екі қызы: Шамалғандағы апаттан зардап шеккендердің жағдайы қалай?>>

Алматы облысындағы апат орнында арнайы комиссия жұмыс істеуде>>

Автобус қызылға өтіп кеткен: ІІМ Шамалғандағы апатқа қатысты пікір білдірді>>

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған видеодан жолаушылар пойызы мен рельсте тұрған автобустың соғысқанын көруге болады.

Жантүршігерлік оқиғаның куәгерлері автобус жүргізушісі көлік кептелісінің салдарынан рельске тоқтауға мәжбүр болғанын айтты.

Жолаушылар көлігі белгіленген бағыт бойынша қозғалған, алайда кептеліске тап болып, рельске тоқтап қалған.

Дәл осы уақытта өткелді жаба бастаған. Алайда жолушылар көлігінің жүргізушісі не артқа, ал алға қозғала алмай, екі ортада қалып қойған.

Куәгер Серік Қармысовтың айтуынша, пойыз автобус жүргізушісіне сигнал берген, бірақ жолдың ортасында қалып қойған жүргізуші ештеңе істей алмаған, ал шлагбаумдар жабық болған.

"Оның қозғалатын жері болмады. Апат лезде орын алды, бұл қорқынышты көрінді. Бұл күндіз де, түнде де осындай автокөлік кептелістері орын алатын аймақ деп айта аламын", - деді куәгер.

Автобус жүргізушісі соқтығысудан алған жарақатынан соң, оқиға орнында қаза тапты. Бұдан бөлек, тағы үш жолаушы жарақат алып, олар Қаскелең ауруханасына жеткізілді.

Алдын-ала мәлімет бойынша, пойыз жолаушыларының арасында зардап шеккендер жоқ. Ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілгендерге дәрігерлер бірнеше медициналық ота жасаған. Алайда, мамандардың барынша күш салуына қарамастан, науқастардың жағдайы өзгерген жоқ.

Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Өмірзақ Ниязбековтың айтуынша, ауруханаға әйел мен үш және бес жастағы екі бала жеткізілген.

Зардап шегушілер бір-біріне туысқан, яғни анасы мен балалары. Кішкентайлар өте ауыр жағдайда. Балалардың біреуінің бас сүйегі зақымдалып, ми жарақатын алған. Ол қазіргі уақытта комада жатыр.

Одан бөлек, баланы жасанды медикаментозды ұйқыға жатқызып, ӨЖЖ аппаратына қосқан.

Екінші қыз да ауыр бас жарақатын алған. Оған еңбек сүйегіне өткен маңдай сүйегінің бас сүйек-ми зақымы диагнозы қойылған.

Түн ортасынан соң, өткелдегі қозғалыс қалыпқа келтірілді. Зардап шеккен автобус қауіпсіз аймаққа апарылды.

Алайда жергілікті тұрғындар бұл өткелді әлі де қауіпті санайды.

Сергей Золотаревтің сөзінше, жолдан өту үшін арнайы жабдықталған орын жоқ болғандықтан, өткел жаяу жүргіншілер үшін де қауіпті.

Қазіргі уақытта оқиға орнында арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр.

Сіздің реакцияңыз
2
0
2
8
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel