Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Стадионда жасау керек еді": Қазақ әншісі 980 адам келген тойды көрсетті

Опубликовано:

"Меломен" тобының әншісі Ғабит Әбілдаев Түркістан облысындағы мыңға жуық адам шақырылған тойдың сәтін тыңдармандарымен бөлісті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы видеоны әртіс Instagram-дағы парақшасында жариялап, "980 адамдық тойға барып көргенсіз бе?" деген жазба қалдырды.

Мерекелік кеш Созақ ауданында өткен.

Әншінің сөзінше, туған бөлесі шаңырақ көтеріп жатыр екен.

Видеоны көрген желі оқырмандары "Тойды стадионда жасау керек еді", "Бұндай тойды бірінші рет көруім", "Мың адам қонақ болатын той тек оңтүстікте болады" деген пікірлерін қалдырды.

Сондай-ақ, Ғабиттың "Меломен" тобындағы әріптесі Ролан Қазретов "Сенің барғаның білінді ме, әутеуір" деп әзілдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1816731-980-adam-melomen-tobyny-nsisi-sozaktagy-dbirli-tojdy-krsetti/

pixel