Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда болған жаппай төбелестің видеосы желіде тарап кетті

Опубликовано:

Әлеуметтік желіде бір топ жастң төбелесіп жатқан видеосы тарады. Автордың айтуынша, жанжал Алматыда өткен "Gakku Дауысы" концертінен соң болған. Видео Isntagram желісіндегі "kris_p_brother" парақшасында жарияланды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр. Коллаж: NUR.KZ
Видеодан кадр. Коллаж: NUR.KZ: Facebook

Көшеде жастардың төбелесіп жатқаны кадрдан байқалады. Жанжалға қыздар да қатысқан.

Автор оқиғаның "Gakku Дауысы" концертінен соң болғанын айтты.

Ол мұндай іс-шараларды қала сыртына жасауға шақырды. Ал желі оқырмандары видеодағы кейіпкерлердің іс-әрекетін сөкті.

Алматы ПД сілтеме жасаған ҚазАқпараттың хабарлауынша, аталған видеоға байланысты полиция тексеру жұмыстарын жасап жатыр.

"Демалыс күні "102" пультіне жаппай төбелес пен жанжал туралы қоңырау түскен жоқ. Полицияның аудандық бөлімшелеріне де тұрғындардан шағым түспеді", - деді полиция.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1816748-almatyda-bolgan-zappaj-tbelesti-videosy-zelide-tarap-ketti/

pixel