RU

"Аяғын көкке көтерді": Сахнада ерсі қылық танытқан Жолдыбаева елді шулатты

Отандық танымал әнші Кәмшат Жолдыбаеваның кезекті өнер көрсетуі ел арасында шу тудырды. Эстрада жұлдызы өзінің "Карамель" атты жаңа әнін сахнада шырқау кезінде аяғын көкке көтере билегені үшін аяусыз сынға ұшырады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Шоу-бизнес сылқымының ерсі биі Instagram желісіндегі qaz.stars парақшасында жарияланған.

Видеодан Жолдыбаеваның сахнада жатып, аяғын аспанға қарай "лақтырып" ән салғанын байқауға болады.

Желі қолданушыларына өнер иесінің бөксесін жұрт назарына барынша "паш етуге" тырысқаны жақпай қалған.

"Жезөкше сияқты қылық көрсетіп, жараспайды өзіне. Даусы да жоқ" , "Бөксесін көкке көтерді деген осы" , "Мұндайларды құрту керек" , "Масқара, тым ұят енді бұл ісі" , "Осы әнді концерт бағдарламасына қосқан адамның есі жоқ" , "Осылай абыройларын төгеді ғой. Не ән енді бұл, түк мағынасы жоқ. Қылығына қатысты тіпті сөзім де жоқ" , "Сөз жоқ" , - деп жазуда желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1816753-aagyn-kkke-kterdi-sahnada-ersi-kylyk-tanytkan-zoldybaeva-eldi-sulatty.html