Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ксения Собчак тойында күйеуіне арнап стриптиз биледі (видео)

Опубликовано:

13-қыркүейкте 37 жастағы Ксения Собчак пен 44 жастағы Константин Богомолов ресми түрде ерлі-зайыпты атанған болатын. Олардың тойлары ерекше әрі қызыққа толы болып өткен. Күйеу жігіт қалыңдығына арнап ән шырқаса, Ксения оған стриптиз биледі деп жазады spletnik.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жас жұбайлардың банкеті Мәскеу мұражайында өткен.

Қонақтардың арасында Ренат Литвинов, Светлана Бондарчук, Яна Рудковская, Филипп Киркоров сияқты Ресейдің кіл жұлдыздары жиналған.

Жиналған қонақтар тойдың әр сәтін фото мен видеоға түсіріп, желілерде бөлісіп отырды.

Ксения мен Константиннің алғашқы биі Филипп Киркоровтың "Снег" әнімен сүйемелденген.

Сонымен қатар, режиссер Богомолов қалыңдығына арнап "Молния" әнін шырқады.

Собчак та сыйлықтан құр алақан қалмаған. Ол бірнеше бишімен қосылып, стрип-пластика стилінде би билеген.

Ал, қалыңдықтың гүлін Светлана Бондарчук қағып алған.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Ксения Собчак екінші рет тұрмысқа шыққан болатын.

Қос ғашық өздерінің некелесу салтанатына өлік таситын көлікпен келіп, көпшілікті таңғалдырған.

Бұл рәсімге қалыңдық ақ түсті көйлекпен келсе, күйеу жігіт қара түсті костюммен түрлі түсті жейдені таңдаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1816755-ksenia-sobcak-tojynda-kjeuine-arnap-streptiz-biledi-video/

pixel