Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ташкентте гей екенін айтқаны үшін 25 жастағы жігітті өлтіріп кеткен

Опубликовано:

Өзбекстанның Самарқанд облысы Челак қаласының тумасы 25 жастағы Шокир Шавкатовты өлтірді деген күдікпен екі күдікті ұсталды деп хабарлайды Орталық Азия жаңалықтар қызметі.

Оқиға 12 қыркүйекте болған.

Жас жігіт ЛГБТ өкілдерінің клубында отырған кезде екі ер адам оны сыртқа алып шығып, алдын ала мәлімет бойынша пәтерге апарған. Әуелі ұрып-соққан, кейіннен өлтірген.

Бұл ақпаратты полицияға Шавкатовтың досы баяндаған.

25 жастағы жігітке барған екі ер адам өздерін полиция қызметкерлері ретінде таныстырғаны да белгілі болды.

Айта кетейік, гомосексуализм Өзбекстанда қылмыстық әрекет болып саналады.

Осыған байланысты елдегі ЛГБТ қоғамдастығы интернетте өзінің бағытын жариялаған 25 жастағы гей адамның өліміне алаңдаулы екенін жеткізген.

Басылымның мәліметінше, Юнусабад аудандық прокуратурасы жас жігіттің өліміне байланысты "Қасақана адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1816773-taskentte-gej-ekenin-ajtkany-sin-25-zastagy-zigitti-bauyzdap-ltirgen/

pixel