RU
Нұр-Сұлтанда тепловоз автобуспен соқтығысты (видео)

Нұр-Сұлтанда тепловоз автобуспен соқтығысты (видео)

Рассказать Вконтакте

Елордадағы темір жолда жол апаты болды. Темір жол өткелінде тепловоз автобуспен соғысқан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

Жол апатының кадрлары kokshetautoday Іnstagram парақшасында бүгін жарияланған.

Роликте пойыздың №53 бағыттағы автобуспен соғысқаны көрінеді.

"Автобус өтіп кеткісі келді - өте алмады", - дейді видеоның авторы.

"Астана LRT" өкілдері жол апатына қатысты Sputnik Қазақстанға мәдімдеме жасады.

Жол апаты 13-қыркүейк күні таңертең болғаны белгілі болды.

Оқиға барысында автобус салонында жолаушылар болмаған.

Қоғамдық көліктің жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Оны жұмысынан шеттетіп, қайта оқуға жіберген.

Еске сала кетсек, күні кеше Шамалған бекетінде пойыз бен автобус соқтығысып қалды. Салдарынан автобус жүргізушісі қаза тапқан, сондай-ақ тағы үш адам ауыр жарақат алған, оның екеуі бала.

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев марқұмның отбасына көңіл айтты.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
6
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel