RU
"Ringo" тобынан кететін айтқан Батыр Байназаров сахнада көзіне жас алды (видео)

"Ringo" тобынан кететін айтқан Батыр Байназаров сахнада көзіне жас алды (видео)

Рассказать Вконтакте

"Ringo"-ның тобының әншісі Батыр Байназаров құрамнан кететінін хабарлады. Бұл туралы ол 14 қыркүйек күні өткен "Gakku дауысы" концерті кезінде мәлімдеген. Алайда әншіге 14 жыл бойы өнер көрсеткен ұжымымен қоштасу оңай болмаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Батыр Байназаров Алуа Қонарованың продюсерлік ететін "Ringo" тобына алғаш болып келген.

Ол топпен бірге талай белестерді бағындырып, әсем әндерімен тыңдармандарының жүрегін жаулай білді.

Алайда, өткен сенбіде Батыр Байназаров барша жанкүйерлерінің көңілін түсірді. Ол ондаған жылдан кейін топтан кетуді ұйғарғанын хабарлады.

Бұл жаңалықты жеткізу өнер иесінің өзіне де ауыр тиген. Себебі "Ringo" мүшесі ретінде соңғы рет сахнаға шығып тұрғанын айтқан әншінің көңілі босаған.

Батырдың бұл шешімін продюсері Алуа Қонарова да ауыр қабылдағанын жасырмады.

"Батыр 2005 жылы маған ең бірінші болып келді. Бірінші болып келіп, бірінші болып кетіп барады. Бұлай болып тұрады. Бірақ, мен оның өнерде қалатынына кәміл сенімдімін. 14 жыл бойы бірге болдық. Көп нәрседен өттік. Дарынды композитор, әнші, актер және ғажап адам. Ал Ringo өз жолын жалғастыра бермек" , - дейді топ продюсері Instagram парақшасында.

Сіздің реакцияңыз
0
2
0
8
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel