Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шамалғанда көпір 2020 жылы салынады

Опубликовано:

машины, полицейские
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр Шамалғандағы көпірдің құрылысы 2020 жылы басталатынын мәлімдеді. Алайда ол автобус пен пойызбен соқтығысқан жерде салынбайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тағы оқыңыздар:

"Ортада тұрып қалды": Куәгер Шамалғандағы апат қалай болғанын баяндады

"Айқайласаңыздар, көпір пайда болмайды": Аудан әкімі тұрғындармен тілдесті (видео)

"Біз өткелде көпір салуды келесі жылға жоспарлап отырмыз. Бірақ, көпір дәл осы өткелде емес, жер үйлер азырақ сүрілетін аумақта салынады. Құрылыс орнын түбегейлі анықтау керек", - деді Скляр.

Министр дәл сол аумақта көпір салу үшін сол жердегі 70-ке тарта жеке үйді, 2 жанар-жағармай бекетін сүру керек екенін, бұл үлкен бюджеттік шығын екенін атап өтті.

Оның айтуынша, жобалау 3-4 айға созылады, содан кейін құрылыс жұмыстары басталады.

Еске сала кетсек, күні кеше Шамалған бекетінде пойыз бен автобус соқтығысып қалды. Алдын ала ақпарат бойынша, жол апатынан екі адам көз жұмып, тоғыз адам зардап шеккені хабарланған еді.

Алайда, ресми ақпарат бойынша тек автобус жүргізушісінің қаза тапқаны белгілі болды.

Тоқаев марқұмның жанұясына көңіл айтты.

Бас көлік прокуратурасы тергеу барысын бақылауға алды.

ҚТЖ Ақсеңгір-Шамалғандағы жантүршігерлік апат қалай болғанын мәлімдеді.

Куәгерлер адамдардың маңызды екенін айтып, әйелін де қоғамдық көліктен итеріп жіберген автобус жүргізушісі туралы да айтып берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1816786-samalganda-kpir-2020-zyly-salynady/

pixel