Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жанар Хамитова қалай танымал болды?

Опубликовано:

Бүгін Жанар Хамитованың қайтыс болғаны туралы хабар барша қазақстандықтарды дүр сілкіндірді. Сахнаға жарқ етіп шығып, артынша 11 жыл бойы көрінбей кеткен әншінің өмірі мен шығармашылық жолы қандай болғанын KAZ.NUR.KZ материалынан оқи аласыздар.

Фото: әлеуметтік желіден. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: әлеуметтік желіден. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Хамитова Жанар 1989 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Әнші бірінші сыныпқа бес жасында барған. Кішкентай кезінен спортпен шұғылданып, бес жыл домбыра үйірмесіне қатысқан.

Үлкен сахналарға сегізінші сыныптан бастап шыға бастайды. Алайда, 2006 жылы Хамитованың нағыз танымалдылығы арта түседі.

Қарағандылық бойжеткен "Superstar.kz" жобасына қатысып, жұлдыз болып шыға келеді.

Фото: Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Original

Бұл жобаға дейін ол "Жас сұңқар", "Замана бұлбұлдары" сияқты көптеген байқауларда бақ сынаған.

"Super Star.kz" жобасы аяқталған соң, "Superstar show" деген cегіз адамнан тұратын топта, одан кейін қыздардан тұратын "China Town" құрамында өнер көрсеткен.

Кейін өзімен бірге жобаға қатысқан Нұржан Керменбаевпен бірге "Арнау" дуэтін құрып, одан әрі танымал бола бастайды. Алайда, 2009 жылы әнші дуэт құрамынан кетіп, тұрмысқа шығады.

Жанар Хамитова, Нұржан Керменбаев. Фото:Әншінің жеке парақшасы, slivkimp3.biz. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Жанар Хамитова, Нұржан Керменбаев. Фото:Әншінің жеке парақшасы, slivkimp3.biz. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Нәтижесінде, отандық әнші 11 жылға өнер саласында бой көрсетпей, тек 2019 жылы сахнаға қайта оралады.

Ел назарынан тыс қалған жұлдыз өзінің көрінбей кетуінің себебін түсіндіріп, алғаш рет отбасы жайлы сұхбат береді.

Фото: видеодан кадр/КТК. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр/КТК. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Анықталғандай, Жанар Хамитова күйеуімен ажырасып, екі ұлы әкесімен қалған. Өнер иесі бұның салдарынан күйзеліске түскенін де жасырмады.

Жанардың сахнаға қайта оралмақ ниеті бар екенін әріптесі Сиви Махмуди қолдап, оны қанатының астына алады. Алайда бірнеше ай өткен соң, қос жұлдыз ортақ жұмысын тоқтатуға шешім қабылдайды.

Фото: Instagram/sivi_makhmudi. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/sivi_makhmudi. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1816795-zanar-hamitova-kalaj-tanymal-boldy/

pixel