Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда адамдарды қаққан ағайындылардың екіншісі ұсталды

Опубликовано:

Алматыда адамдарды көлігімен әдейі қаққан оқиғаға қатысты екінші күдікті ұсталды деп жазады қалалық ПД сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: UGC

Полиция хабарлағандай, 20 жастағы жігіт бірнеше сағат бұрын шағын аудандардың бірінде ұсталған.

Осы уақыт аралығында ол Алматының сыртында және Алматы облысының аймағында құқық қорғау органдарынан жасырынған.

"Күдікті тергеу амалдарын жүргізу үшін ПД Тергеу басқармасына жеткізілген. Қылмыс жасалған уақытта ол "Тайота Авенсис" көлігін тізгіндеген.
Бұған дейін айтқанымыздай, қылмысқа қатысты адамның бірі - 1995 жылы туған, азамат А. бірден ұсталды. Алматы облысының тұрғыны. Ол "Тайота Камри" көлігінің рөлінде болған.
Екі автокөлікте заттай айғақ ретінде тәркіленіп, ҚР ҚК 24-бап, 3-тбөлімі және 99-бап, 2-бөлімі бойынша тергеліп жатқан қылмыстық істің материалдарына қосылған", - деді Алматы қаласы ПД басшысының орынбасары, полиция подполковнигі Данияр Меңдібаев.

Естеріңізге салсақ, тамыз айының соңында адамдарды әдейі қаққан көліктердің видеосы желілерде тараған еді. Зардап шегушілер түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.

Бірінші күдікті сол күні ұсталып, екі айға қамалған болатын.

Кейіннен, көлікті тізгіндеген екеу ағайындылар болып шыққаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1816835-almatyda-birnese-adamdy-kakkan-agajyndylardy-ekinsisi-staldy/

pixel