RU
Өзіңізге ұнаған азаматтың жүрегін қалай жаулауға болады?

Өзіңізге ұнаған азаматтың жүрегін қалай жаулауға болады?

Рассказать Вконтакте

Ойыңыздағы ханзадаңызды кездестіргеніңізді сезсеңіз, алдағы іс-әрекетіңізді ойластырыңыз. Басыңызға қонаған бақты ұшырып алмай, шынайы сезімге толы қарым-қатынасты құрудың сырын біліңіз деп хабарлайды woman.rambler.ru cайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Ер азаматтың жүрегін жаулау үшін әйел адамның бойында мынадай қасиеттер болу керек:

1. Оптимист болу

Айнаға қарап, керемет екеніңізді өзіңізге жиі айтып тұрыңыз. Осылайша бойыңызда сенімділік артқанын байқайсыз. Мұны ер адамдар да байқайтын болады.

2. Жақсы әңгіме құру

Сөйлесіп отырған адамыңызға әңгіменің қызықты екенін білдіріңіз. Сұрақ қойып, ұсақ-түйектерге мән беріп, сөзін бөлмеңіз.

3. Шындықты айтамын деп, шектен тыс кетпеу

Шындықты айтқан дұрыс. Дегенмен әйел мен ер адамның арасында шындықты айту - жанжал мен ұрыс-керіске әкеп соғуы мүмкін. Себебі кей ер азаматтар оны қабылдай алмайды. Мұндай кездері ақылға салып, ұнатпаған нәрсеңізді астыртын жеткізуге тырысыңыз.

Сырт келбет де ер адамның көзіне түсетін ең бірінші нәрсе. Сол себепті оған немқұрайлы қарамау қажет

1. Киім

Қызбен танысқан кез келген ер азамат бірінші кезекте сырт келбетке, образға мән береді. Өзіңізге деген дұрыс көзқарасты қалыптастыру үшін талғаммен, бірақ қарапайым киініңіз.

2. Макияж

Анонимды сауалнамалардың нәтижесі ер адамдардың жанына табиғи сұлулықтың жақын екенін көрсетті. Сондықтан опа-далапты артығымен қолданып, ер адамның көзіне ерсі көрінбеңіз.

Есте қаларлық образ үшін барлық ұсақ-түйектің маңызды екенін ұмытпаңыз. Шаш үлгісі, маникюр, жүріс - барлығына мән беріп, нәтижесін көріңіз.

Әртүрлі типтегі ер адамдардың көңілін қалай аударамыз?

Көшбасшы ер азамат

Мұндай ер адамдарға сұлу, қамқоршы, үйге жайлылық сыйлай алатын, қиын сәтте ақыл айтып көмектесетін әйелдер керек. Олар өмірлік серігін көзімен іздейді. Мінсіз болсаңыз, ол сізді таңдайды.

Зияткер ер азамат

Олар өздері секілді ақылды әйел адамды іздейді. Ондай ер адамға дос бола біліңіз. Ода көңіліңіздің барын білдіртіп қойсаңыз да болады. Дегенмен шектен тыс шығып, өзіңізге деген көңілді суытып алмаңыз.

"Бұзақы жігіт"

Мұндай ер адамның көңілін аудару қиынға соқпайды. Көңілді жүріп, қарапайым жағдайды қиындатпаңыз. Алайда есте сақтаңыз, мұндай ер адамдардың жанында үнемі түрлі қыздар жүреді. Сол себепті олар бір адамға байланып қалмайды. Ал бұл олармен берік, шынайы қарым-қатынасқа үміттенудің қажеті жоқ деген сөз.

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel