Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қаңғып күн көргенше": Далада қалған жүкті келіншек баласына ата-ана іздеп жүр

Опубликовано:

Өмірінің астаң-кестеңі шыққан жүкті келіншек барар жер, басар тауы жоқ екенін айтып, дабыл қақты. Жүрген жігіті өзінен бас тартқан ол "масқара" болмас үшін туыстарына жақындай алмай жүр деп жазады "Алаш айнасы".

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Twitter

Жасанды түсік жасата алмаған келіншек өмірдің қара сызықтары таусылмай кеткенін айтады. Тіпті, еңбек ететін компаниясы да банкрот болып, қызметі тоқтап қалған екен.

"Басқа жұмыс орындары аяғым ауыр болғандықтан қабылдамайды. Аналар үйінде де орын жоқ. Осы күнге дейін құрбымның үйінде тұрып келдім, қабақ шыта бастаған соң ол жақтан да кетуіме тура келді. Соңғы ақшамды жұмсап, бөлме жалдадым. Әрі қарай қайда барып, қалай күн көрерімді білмеймін", - деді ол.

Мың ойланып, құбылған кейіпер ішіндегі сәбиін бала сүйе алмайтын жанұяға беремін деп шешім қабылдаған.

"Сәбиімді қатты жақсы көремін, бірақ бұл күйіммен оған дұрыс өмір сыйлай алмайтын сияқтымын. Аш-жалаңаш, қаңғып күн көргенше, жақсы жандардың аялы алақандарының астында өссе деймін. Мұндай шешім қабылдау мен үшін аса қиын. Мешітке барып, Алламнан кешірім сұраудан жалығар емеспін.
Еңіреп жылап отырмын осы сәтте. Өлімге қарай талай беттесем де, бұл фәниді қия алмадым. Сәбиім ер бала. Ешқайда туып тастамаймын, ақыға сатпаймын, тек жүректері кең жандар табылып, оны алып, дұрыс өмір сыйласа деймін", - деп түйіндеді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1816854-kagyp-kn-krgense-dalada-kalgan-zkti-kelinsek-balasyna-ata-ana-izdep-zr/

pixel