Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық балуан Ресейдің екі дүркін Олимпиада чемпионын жарыстан шығарып жіберді (видео)

Опубликовано:

Нұр-Сұлтанда күрес түрлерінен әлем чемпионаты жалғасуда. Жарыстың үшінші күнінде 77 келіде белдесетін грек-рим балуаны Асхат Ділмұхамедов екі дүркін Олимпиада чемпионы, ресейлік Роман Власовты 3:0 есебімен жеңді. Бұл турнирдің басты сенсацияларының бірі деп хабарлайды olympic.kz сайты.

Фото: Данияр Майлыбаев, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі
Фото: Данияр Майлыбаев, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі: Twitter

Іріктеу айналымында Власовтан айласын асырып, жарыс жолынан шығарып жіберген Асхат ширек финалда сербиялық балуан Виктор Немешті 4:3 есебімен жеңіп, әлем біріншілігінің жартылай финалына өтті. 

Осылайша, ол Токио Олимпиадасының лицензиясына қол жеткізді.

Дегенмен қазақстандық балуан жартылай финалда венгриялық Олимпиада ойындары мен әлем чемпионатының жүлдегері Тамаш Лоринцке есе жіберді.

Кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды.

Алайда, соңғы ұпайды иеленген венгриялық спортшы финалға жолдама алды. 

Енді Ділмұхамедов әлемдік сынның қоласына таласады. Қола медаль үшін өтетін кездесу ертеңге жоспарланып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1816862-kazakstandyk-baluan-resejdi-eki-drkin-olimpiada-cempionyn-zarystan-sygaryp-ziberdi-video/

pixel