Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балаларға әдепсіз сурет жіберген келіншек өз ісіне өкініп қалды

Опубликовано:

Британиялық Саманта есімді келіншек кішкентай балаларға әдепсіз суретін жіберіп, ұятқа қалды. Бұл туралы Lenta.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ жазады.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

Испанияның Бенидорм қаласында демалған әйел секс-шоуға барып, көңіл көтерген. Артынша кештің қызықтарымен бөліскісі келген ол суретін абайсызда кішкентай балалардың футбол командасының тобына жіберіп қояды.

Бұл туралы келіншек келесі күні күйеуінің хатынан соң ғана біледі.

Жұбайы әйеліне "Біз сенің Бенидормда екеніңді білеміз, бірақ бұл сурет осы топқа лайықты деп ойламаймын",- деген.

Саманта болған жағдай үшін кешірім сұрап, суретін өшіріп тастаған. Соған қарамастан, топ мүшелері суретті әлеуметтік желіге таратып жіберген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1816885-balalarga-depsiz-suret-zibergen-kelinsek-z-isine-kinip-kaldy/

pixel