RU
Ауыр дертке шалдыққан ер адам 11 жыл жүрген сүйіктісіне шұғыл түрде үйленді
Жаңалықтар Калейдоскоп

Ауыр дертке шалдыққан ер адам 11 жыл жүрген сүйіктісіне шұғыл түрде үйленді

Рассказать Вконтакте

Британдық Кингстон-апон-Халл қаласынан шыққан қос ғашық Дебби мен Марк Купер 11 жыл жүрген. Тойларын келесі жылға жоспарлаған олар ауыр сырқатқа байланысты некелерін кенеттен қимақ болып шешкен деп хабарлайды lenta.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: lenta.ru

Фото: lenta.ru

2018 жылдың тамызында Марктың жағдайы күрт нашарлайды. Дәрігерлер о баста оның жағдайын инсульт деп бағалаған. Алайда анықталғандай, ер адам жанама амиотрофиялық склероз-орталық жүйке жүйесінің баяу үдемелі дегенеративті ауруына шалдыққан екен.

Болжам бойынша, алдағы екі жылда Марк жүру, сөйлеу қабілетінен айырылады. Ал содан кейін көз жұмады.

Олар Марк өз аяғымен жүре алатын кезде некелерін қидыртуды шешкен. Ер адам алтарьға дейін өз аяғымен бару керек болған.

"Рәсімнің алдында біз некемізді тіркейтін адамдарға Марктың барлық сөздерді нақты айтуға кедергі келтіретін ауруы жайлы хабарландырдық. Олар бізге түсіністікпен қарап, екі сөзден тұратын қысқа ғана сөйлемдерді айтуға мүмкіндік берді", - деді Дебби.

Үйлену тойынан кейін жұп Түркияға бал айына кетті.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
3
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel