RU
Шамалғанда зардап шеккен әйел ұйықтап жатқан қыздарымен автобуста қалып қойған

Шамалғанда зардап шеккен әйел ұйықтап жатқан қыздарымен автобуста қалып қойған

Рассказать Вконтакте

Алматы облысындағы пойыз бен автобус апатында 33 жастағы әйел мен оның екі қызы зардап шекті деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Фото: Әлеуметтік желі

Фото: Әлеуметтік желі

Зардап шеккен келіншек "ҚТЖ" ҰК" АҚ қызметкері болып шықты.

"Қазақстан темір жолы" компаниясы зардап шеккен әйелдің емделуіне, әрі қарай оңалуына және материалдық тұрғыда барлық қажетті көмекті көрсетеді. Ол Алматы эксплуатациялық локомотив депосында есепші болып жұмыс істеген. Темір жол саласында 14 жылдық еңбек өтілі бар", - делінген ресми хабарламада.

Компанияның хабарлауынша, отбасы демалыстағы туыстарынан келе жатқан.

"Пойыз соқтыққанша барлық жолаушылар автобустың артқы есігінен шығып үлгерген. Ал Эльмира алдында ұйықтап жатқан екі қызымен автобустан шығып үлгермеген. Қазір олар Қаскелең қаласындағы Қарасай аудандық орталық ауруханасында жансақтау бөлімінде жатыр.
Оның қыздары жабық бас сүйек-ми жарақатын алған. Әйелдің миы шайқалып, травматикалық шок алған, оң қолы, бұғанасы мен қабырғасы сынған. Әріптестері Эльмира мен оның қыздарының сауығып кетуін тілейді", - деп жазды баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз
4
0
0
9
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel