Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

70-тен асқанда алғаш рет ата-ана атанған қариялар өмір үшін күресуде (фото)

Опубликовано:

Үндістандық ерлі-зайыпты Эрраматти мен Раджа 70 жастан асқан шағында егіз қызды болды. Сәбилердің денсаулығы жақсы болғанымен, алайда ата-аналары интенсивті терапия бөлімінде жатыр деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Twitter
Фото: Twitter: UGC

Эрраматти Мангаямме мен Радже Рао 74 және 78 жаста. 5 қыркүйек күні олар алғаш рет ата-ана атанды. Сәбилер жасанды ұрықтандыру және кесарь тілігі арқылы дүниеге келген.

Фото: Twitter
Фото: Twitter: UGC

Сәбилер уақытылы әрі дені сау болып туған. Ал үндістандық қариялардың жағдайы қалыпты емес.

Фото: Twitter
Фото: Twitter: UGC

Босанған сәттен бері қарт ана интенсивті терапия бөлімінде жатыр.

Фото: Twitter
Фото: Twitter: UGC

Әйел адамның жүктілігін қадағалаған дәрігер одан Эрраматтидің шын жасын жасырып келгенін алға тартты. Айтуынша, оған оның жасы 60-та деп айтылыпты.

"Біз ол жайлы кездейсоқ, бала ұрықтанып қойғаннан кейін білдік. Медбикемен әңгіме кезінде оның күйеуі абайсызда әйелінің шын жасын айтып қалғаен. Мен ашуға булықтым", - дейді дәрігер.

Эрраматти өмірі үшін күресіп жатқанда оның күйеуі бұқаралы ақпарат құралдарымен етене жақын болып, егіздердің ата-анасы атанғанымен мақтанып жүрген.

Алайда Раджа кенеттен жүрек талмасына ұшырап, келесі күні интенсивті терапия бөлімінен бір-ақ шыққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1816895-70-zastan-asyp-algas-ret-ata-ana-atangan-karialar-lim-auzynda-zatyr/

pixel