Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейде төрт адам шіріген картоптан уланып, көз жұмды

Опубликовано:

Ресейдің Челябинск облысында төрт адам шіріген картоптан көз жұмды. Бұл туралы Риа Новости-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook
"Кусинск ауданындағы Магнитка ауылында көкөніс сақтайтын ауданда төрт адамның мәйіті табылды. Оның ішінде 16 жастағы жасөспірім де бар",- делінген хабарламада.

Алдын ала ақпарат бойынша, азаматтар шіріген картоптың иісінен пайда болған газға уланып қалған. Белгілі болғандай, олар қойманы тазартпақ болған.

Қазіргі уақытта болған жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр. Тексеріс нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1816905-resejde-trt-adam-sirigen-kartoptan-kz-zmdy/

pixel