Выйти
RU

Нұр-Сұлтанда табылмай жатқан бармен жігіттің телефонын белгісіз адам көтерген

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтанда із-түзсіз жоғалған 24 жастағы бармен Әнуар Байзуровты іздеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Ол алтыншы қыркүйектегі ауысымынан соң үйіне оралмаған. Жоғалған жас жігіттің телефоны табылды деп хабарлайды Астана телеарнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/_astana_volontery_lider.kz

Фото: Instagram/_astana_volontery_lider.kz

Әнуар Байзуров Атабасар ауданынан елордаға ақша табу үшін биыл ақпанда келген. Ол жергілікті мейрамханалардың бірінде бармен болып жұмыс істеп, туыстарының үйінде тұрған. Алтыншы қыркүйекте жұмыс ауысымынан шыққан жігіт сол күйі оралмаған.

Жоғалған азаматтың туысы Сұлушаш Ыбреваның айтуынша, Әнуар үйге келмеген соң, оған хабарласқан, алайда оның телефоны сөндірулі болған. Сөйтіп туыстары жігітті екінші ауысымға қалған болар деп ойлаған.

Алайда ол келесі күні де келмеген соң, жақындары уайымдап, құқық қорғау орындарына арыз жазған. Бармен жігітті іздеуге 70-тен аса ерікті қосылған.

Сегізінші қыркүйек күні үміт оты жанды. Сол күні Әнуардың мессенджердегі аккаунты онлайн болып тұрған. Туыстары дереу хабарласқанда тұтқаны бөтен ер адам алып, бұл телефонды жақында ғана алғанын айтады.

Полиция тергеудің қалай жүргізіліп жатқанын егжей-тегжейін айтпады.

А. Ткаличева

Еске сала кетейік, бұған дейін Әнуар Байзуровтың жұмыстан шыққан соң, үйіне сол күйі оралмағаны хабарланған еді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Нұр-Сұлтанда табылмай жатқан бармен жігіттің телефонын белгісіз адам көтерген