Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Не кеңес айтады?": Досхан Жолжақсынов кеңесші болған өнердегі інілерін сынға алды

Опубликовано:

Отандық танымал актер әрі режисер Досхан Жолжақсынов жақында ғана саяси лауазымды қызметтерге тағайындалған өнердегі інілеріне қатысты пікір білдірді. Оның сөзінше, шығармашылықтағы адамды шенеуніктің кеңесшісі етіп қою биліктің осалдығы деп жазады Youtube желісіндегі "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр/Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр/Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Жолжақсынов жақында Алматы әкімінің кеңесшісі болған Мейрамбек Бесбаев, мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі атанған Қыдырәлі Болманов пен мәжіліс депутаты Нұрлан Әлімжановты сөз еткен.

"Тағы да қайталап айтамын, бұл оқиғалар - биліктің осалдығы. Мысалы сол кеңесші, не кеңес айтады? Бүгін не туралы кеңес беруге болады? Мәдениет министрлігі бар. Оның бүкіл аппараты бар. Сан саладан қызмет етеді. Бұл не олардың қолынан келмейтін шаруа ма? Сол әкімдікті де алайық. Онда мәдениет департаменті бар. Оған білімі бар адамдар бару керек. Білікті әрі құлшынған адамдар бару керек.
Сол өнер мен сол саладағы рухани дүниелермен түс көріп, оянатын адам бару керек. Үлкен биліктегі көп адамдар жұмыстан босаған кезде кеңесшілікке барады. Жалпы, мұның мәртебесі не? Қай жағынан кеңес береді? Не түсінігімен? Сондықтан, бұл біріншіден, езу тартқызатын дүние. Біз күлдік те, қойдық" , - деді актер.

Айта кетейік, бұған дейін Мейрамбек Бесбаевтың Алматы әкімінің кеңесшісі болып тағайындалғанын хабарлаған болатынбыз.

Оған қоса, Қыдырали Болманов спорт және мәдениет министрінің кеңесшісі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1816961-ne-kees-ajtady-doshan-zolzaksynov-keessi-bolgan-nerdegi-inilerin-synga-aldy/

pixel