RU
Есірткіге әуестенген ер адам қалай миллионерге айналды?

Есірткіге әуестенген ер адам қалай миллионерге айналды?

Рассказать Вконтакте

АҚШ-тың Огайо штатынан шыққан Халил Рафати есімді ер адам 14 жыл бұрын үй-күйі жоқ нашақор болған. Ол үнемі әбіржіп, үсті-басы жара болып жүретін. Талай рет опық жеп, көп қателіктерге бой алдырған ол бір күні өмірін түбегейлі өзгертуге шешім қалбыладап, бүгінде миллионер атанған. Бұл туралы bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Халил Рафати Америкадағы Лос-Анжелес штатында орналасқан SunLife Organics шырынды барлар желісінің иесі. Оның барына танымал адамдар жиі қонақтап келеді. Сондай-ақ, SunLife Organics "Өмір элексирі" мен "Бақытты" атты сусындардың дәмін татуға келген келушілерумен атақты.

Небәрі 5 жылда Рафати шырын империясын құрастырып, өзінің өмірін сақтап қалған.

Халил Рафати ең алғаш рет өзінің үйінен қашып, Огайо штатынан Лос-Анжелеске келген. Бұл жерде ер адам спорттық автокөліктерге арналған заттарды тасымалдаумен айналысты.

Ісі алға жүргенімен, ол қосымша табыс табу үшін героин, экстази мен кетаминді тауып, сатқан. Бір күні ол героинді шегіп көрген. Сол кезде Халил арманындағы балалық шақты елестетіпті. Осы сәттен бастап ол есірткіні жиі тұтына бастайды.

Героинге әуестенген ол бір кездері өлім аузында жатқан.

Тіпті 2003 жылы лос-анжелестік түрмеге түсіп, сол кезде өмірін өзгертуді ойлап, өзінің денсаулығын жақсартпақ болады.

Жігіттің досы оған пайдалы тағам мен сусындарды жасауды үйреткен. Мұның нәтижесін лезде байқаған Рафати өзі ойдан құрастырып сусындар әзірлей бастайды. Дәл сол кезде бүгінгі танымал сусындар өмірге келді.

"Менің сусындарым емделушілерге күш беріп, олардың жағдайын жақсарта алады. Енжарлық - бірнеше жыл есірткі мен ішімдікке әуестеніп, кейіннен салауатты өмір салтын ұстанғысы келетін адамды жеңіп кетеді", - дейді Рафати.

Ал ғажайып сусындар туралы қауесеттер бүкіл Малибу қаласына тарады. Сол кезде Рафати сусын сататын бар ашуды қолға алады. Қолындағы 50 мың доллар мен досының қаржылық көмегімен ол арманын жүзеге асырды.

Алғашқы барды ашқан Рафати жай ғана "сүйіп, емдеп, шабыттандыруды" ойлаған.

Осы үш сөз оның барында жұмыс істейтін қызметкерлердің киімінде жазылған. Жұмысшыларды жалдайтын кезде Рафати кезіндегі өзі секілді есірткі мәселесі бар адамдарды таңдайды екен.

Сіздің реакцияңыз
2
0
1
1
1
21
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel