Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте үш жасар бала кір жуғыш машинаға кептеліп қалған (фото)

Опубликовано:

Шымкентте үш жасар бала ойнап жүріп аулада тұрған кір жуғыш машинаға түсіп кетіп, қайта шыға алмай қалған деп хабарлайды қалалық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Қыркүйектің 16 күні сағат кешкі 18.55-те Асар-2 шағынауданының тұрғыны ТЖД құтқару қызметіне хабарласып, 2016 жылы туған ұлының екі аяғын кір жуғыш машинадан шығара алмай жатқанын айтқан.

Оқиға орнына сағат 19:30 шамасында жеткен құтқарушылар темірді кесетін қайшыларды қолданып баланы шығарып алған.

Үш жасар баланы кір жуғыш машинаның барабанынан шығарып алуға төрт құтқарушы жұмылдырылған.

Құтқарушылар қазір баланың жағдайы жақсы екенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1816973-symkentte-s-zasar-bala-kir-zugys-masinaga-keptelip-kalgan-foto/

pixel