RU
Нұр-Сұлтанда бір басында бес пәтері бар азамат автобуста кондуктор болып жүр

Нұр-Сұлтанда бір басында бес пәтері бар азамат автобуста кондуктор болып жүр

Рассказать Вконтакте

Елордалық риэлтор жергілікті тұрғындар мүлік бизнесін қолға алып, пәтер бизнесімен күн көретінін айтты. Маманның сөзінше, кейде бір тұрғынның өзінде 10 пәтерден кем болмайтын жағдайлар кездеседі екен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: krisha.kz

Көрнекі фото: krisha.kz

Риэлтордың айтуынша, пәтерді жалға берушілердің көпшілігі – жергілікті "ақмолалықтар" көрінеді.

"Мүлік агенттігінде жеті жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келемін. Астанада пәтерді сату, жалға беру бизнесі жүріп тұр. Бір адамда кейде тіпті он шақты пәтерлері болатын күндер болады және олардың бәрі бай-бағландар емес, кезінде елорда осы жаққа ауысқанда, мүлікті су тегінге сатып алып, қазір бизнес жасап отырған жандар. Мысалы автобус кондукторы болып жұмыс істейтін клиентім бар.
Осында бес пәтері бар. Бәрі жалға береді, өткенде біреуін сатып, жаңасын алды. Сол сияқты ескі пәтерді сатып, үстіне ақша қосып, бизнес жасайтындар жетіп артылады", - дейді маман.

Ол сонымен бірге елордада пәтерді жалға берудің тәуліктік бағасы қанша болатынын айтып берді.

"Қаланың ауданына тікелей байланысты. Шет жақтарынан күні 7-8 мың теңгеден басталатын пәтерлерді табуға алады. Ал сол жағалауда үйдің санатына байланысты, мысалы эконом кластағы үйді 9-10 мың теңгеге, ал бизнес кластағы пәтерлерді тәулігіне 15-20 мың теңгеге таба аласыз", - деді маман.
Сіздің реакцияңыз
0
3
3
0
2
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel