Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Есімнен таңдырды": Тұңғышбай Жаманқұлов әйеліне ессіз ғашық болғанын мойындады

Опубликовано:

Тұңғышбай Жаманқұлов әйелі Дәрия Жүсіп жайлы тың деректермен бөлісті. Актер кезінде өз шәкірті болған аруға қалай ғашық болғанын айтып берді деп жазады Youtube желісіндегі "Қарақатпен шай" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: jasqazaq.kz/elarna.net, Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: jasqazaq.kz/elarna.net, Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Тұңғышбай Жаманқұлов әнші Нұрғали Нүсіпжановтың жағдайына ұқсас жайт өз басынан да өткенін айтады.

Актер өзінен екі мүшелге кіші шәкіртіне үйленіп, бүгінде үш бала сүйіп отырғанын жеткізді.

"Менде де болды ғой, Дәрияға үйлендім ғой өзімнің шәкіртіме. Есімнен таңдырды, ғашық болдым. Үйлендік. Жасы біраз жас. Арамыз екі мүшел. Екі ұл, бір қызымыз бар. Құдайға шүкір", - дейді танымал әртіс.

Айта кетейік, бұған дейін Тұңғышбай Жаманқұлов 82 жасында үйленген Нүсіпжанов туралы ойын айтқан болатын.

Сондай-ақ, танымал актер басына іс түскенде кімдер өзінен теріс айналғанын да ашып айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1816979-esimnen-tadyrdy-tgysbaj-zamanklov-jeline-essiz-gasyk-bolganyn-mojyndady/

pixel