RU
Асхат Тарғын өзінен 13 жас кіші жұбайын қалай алып қашқанын әңгімелеп берді

Асхат Тарғын өзінен 13 жас кіші жұбайын қалай алып қашқанын әңгімелеп берді

Рассказать Вконтакте

Танымал әнші Асхат Тарғын өзінен 13 жас кіші келіншегін қалай жар еткенін айтып берді. Екінші рет шаңырақ көтерген өнер иесі жұбайын алып қашып, өз үйіне түсірген. Бұл туралы өнер иесі Астана арнасындағы "Той жыры" бағдарламасында баяндады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бағадарламадағы сұхбат барысында Асхат Тарғын досының балдызын жар еткені белгілі болды.

"Жандос деген досым болған. Келіншегі маған үйлен деп құрбыларымен таныстыратын. Шынымды айтсам, ешқайсысы ұнаған жоқ. Бір күні ол енді не істеймін, таныстыратын адам қалмады. Сіңліммен таныстыратын шығармын, бірақ кішкентай әлі деді. Сол кезде осы Әлияны айтқан екен", - дейді әнші.

Өнер иесінің сөзінше, ол жұбайымен туысқандарының тойында танысып, бір-екі рет хат жазысқан. Алайда бойжеткеннің тым жас екенін ойлаған ол аруға бір жылға жуық хабарласпапты.

"Туысқандарымның тойында Әлиямен таныстық. Шыны керек кішкентай көрдім. Сол тойда нөмірін алып, бір-екі рет жазып, кейін бір жылдай сөйлеспедік. Бір жылдан кейін барып бірінші қадамды өзім жасадым. 4-5 айдай кездесіп жүргеннен кейін үйленейік дедім. Ол қыс бітсін, кішкене жұмыс істейін. 4-5 ай сөйлесіп бұлай шешім қабылдамайық деді. Сосын жарайды дедім", - деп сол күнді есіне алды Асхат Тарғын.

Әнші отыздан асқан шағында өзінен бірнеше жас кіші келіншегін әпкесінің үйіне алып қашып, елді таңғалдырған.

"Желтоқсанның екісі алып қаштым. Бірақ ол білген жоқ. Түнде шықты, шай іштік, сосын түнгі 12-де үйге қайту керек болды. Осы жақта інілерім бар, солардың бәрін шақырып, шай іштік. Сосын ватсапқа "Әлияны бүгін алып қашу керек" деп жаздым. Сөйтіп өзінің әпкесінің қайын атасына хабарласып, "Аға қазір қыз алып барам, қақпаны ашып қой" дедім.
Өзі алдында "Қақпа ашық тұр, келіңдер, қызымды алып қашсаң да, үйге кел. Осы үйден балалардың бәрі үйленіп жатыр" деп айтқан. Сөйтіп, үйге кіргеннен кейін "Біз жаз келсін, көктем келсін деп келістік қой" деді. Ол желтоқсан еді. Көктемге де үш ай қалды. Үш айдың арысы не, берісі не. Сөйтіп қыз көнді деген хабар келді", - дейді Асхат Тарғын.

.

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel