RU
Рысбек Аташ Жанар Хамитованың соңғы кездері қандай күйде болғанын айтты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Рысбек Аташ Жанар Хамитованың соңғы кездері қандай күйде болғанын айтты

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Рысбек Аташ Жанар Хамитова желіде арнайы жазба қалдырды. Марқұм әншінің жақын досы ооның соңғы кездері барлығынан кешірім сұрап, Нұржан Керменбаевпен кездесу ұйымдастыруын сұрағанын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Әлі сенер емеспін. Барлық нәрсені жүрегімен қабылдайтын қуанышты да, қиындықты да. Жүрегі көтере алмаған ғой. Алланың қалауымен ғой бәрі. Таңертеңнен бері әріптестері қоңырау шалып, уайымдап сұрап жатыр. Өзімде сене алмай отырмын деп жатырмын.
Соңғы кезде барлығынан кешірім сұрап уайымдап жүретін. "Нұржан Медет бәрімізге бір кездесу ұйымдастыршы" , "Нұржаннан кешірім сұрағым келеді" , "дұрыс емес айттым" деп. Оған да үлгермедік.
Үшінші дуэтімізді де жазамыз деп үлгермедік. Аз ғана қалып еді. Болашаққа жоспарлар құрамыз деп едік: Оған да үлгермедік. Алла беруші алушы. Сені ұмытпаймыз. Сен халқынның жүрегіндесің. Жаның жәннәтта болсын. Досым" , - деп жазды Рысбек Аташ.

Айта кетейік, Superstar.kz байқауының жұлдызы Жанар Хамитова күні кеше сағат таңғы 9:00 шамасында өзінің туған жері Қарқаралыда көз жұмғаны белгілі болды.

Отандық жұлдыздар жаппай Жанар Хамитовамен қоштасып жатыр. Олардың арасында әншімен бұрында бірге өнер көрсеткен Нұржан Керменбаев та бар. Отандық жұлдыз марқұм әріптесінің өліміне қатысты пікір білдіріп, "қарыз" дауы туралы қаңқу сөзге жауап берді.

Сіздің реакцияңыз
9
2
0
26
2
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel