Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда алапат өрт шықты (фото, видео)

Опубликовано:

Алматыда қаланың төменгі бөлігінде алапат өрт шықты деп хабаралайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: UGC

Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті Жетісу ауданы Ратушный көшесі 84, а мекен-жайында өрт шыққанын хабарлады.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, цех өртеніп жатыр. Оқиға орнында ТЖД-ның өрт сөндіру бөлімдері жұмыс істеуде.

Жетісу ауданының әкімі Мақсат Кәкімов қазіргі уақытта өрттің ауданы 1200 шаршы метрді құрағанын айтты.

"Барлық қажетті қызметтер көтерілді. Аймақтың барлық су тасығыштары осында жіберілді. Жалынның тарап кету қаупі бар. Маңайында орналасқан барлық газ құбырлары өшірілді", - деді әкім.

Белгілі болғандай, Ariba ЖШС жиһаздар қоймасы өртке оранған.

Зардап шеккендер жоқ.

Өрт сөндіру қызметтері өрттің сөндурі үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда.

Сонымен қатар, қойманың қызметкерлері іштегінің барлығын сыртқа шығарып жатыр.

"17 қыркүйек күні 11:57-де Алматы қаласының "101" пультіне Жетісу ауданы Ратушный көшесі бойындағы жиһаз цехында өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. 12:07-де келген алғашқы өрт сөндіру бөлімдері жиһаз цехының қойма ғимаратының жақын орналасқан өндірістік цехқа таралып кету қаупімен жалынға оранғаны байқалды.

Өртті сөндіруге жеке құрамның 60 адамы қатысып, Алматы қаласы ТЖД-ның 20 бірлік техникасы жұмылдырылды. Полиция қызметкерлері цехтың аймағын қоршап алды", - деп хабарланды ҚР ІІМ ТЖК-да.

Естеріңізге сала кетейік, жақында мегаполисте Барахолка жанындағы қойма өртенді.

Фото: zakon.kz
Фото: zakon.kz: Depositphotos

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1817015-almatyda-alapat-rt-sykty/

pixel