RU
Төрт баласымен алаңсыз демалып жүрген Роналдуға ел сүйсінді (фото, видео)
Жаңалықтар Спорт

Төрт баласымен алаңсыз демалып жүрген Роналдуға ел сүйсінді (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Әйгілі Криштиану Роналду демалысын отбасымен өткізіп, желі қолданушыларын сүйсінтті. Көпбалалы аяқдопшының жанұясымен болған бақытты сәттерін желіге сүйіктісі Джорджина Родригес жариялаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Instagram желісінде бөліскен видеода португалиялық жұлдыздың барлық балаларымен велосипед теуіп бара жатқанын көруге болады.

Бейнежазбалар Роналдудың отбасымен өзін аса ерекше бақытты сезініп жүргеніне дәлел болмақ.

Оған қоса, ғаламтор кеңістігіне тарап кеткен суреттерге сәйкес, футболшының жанұясы атқа да отырып көрген.

Танымал спортшы да, оның сүйіктісі де салауатты өмір салтын ұстанады.

Айта кетейік, қос ғашық бүгінде төрт баланы тәрбиелеп отыр. Олардың ішінде тек Алана-Мартина есімді қыз бала олардың ортақ перзенті болып табылады. Қалған екі бүлдіршін мен футболшының үлкен ұлын дүниеге суррогат ана әкелген.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
15
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel