Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Нұртас пен Төреғали Төреәлінің құда болатыны рас па? (видео)

Опубликовано:

Қазақстандық эстрада жұлдыздары Қайрат Нұртас пен Төреғали Төреәлі болашақта құда болуы мүмкін бе? Бұл сұраққа әншілердің өзі де ойланып қалған сыңайлы. Мұны халық еркелерінің әлеуметтік желіге жүктеген видеосынан да байқауға болады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видеодан өнер жұлдыздарының көлікте кетіп бара жатқанын аңғаруға болады. Олардың қасында Қайраттың ұлы Хан да бар.

Әзіл араластыра сөйлеп келе жатқан Төреғали бір мезетте Қайратқа құда болу туралы ұсыныс тастайды.

Басында абдырап қалған хитмен де артынан Төреғалиді қолпаштап кетеді.

"Құда боламыз ба не? Жаңа айтып қалдың", - деді әнші.

Эстрада серкелерінің алдағы уақытта шынымен құда болу-болмауы беймәлім.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1817043-kajrat-nrtas-pen-tregali-trelini-kda-bolatyny-ras-pa-video/

pixel